Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

1411/18
Подведены итоги Спартакиады среди сотрудников МИР РК

ҚР ИДМ қызметкерлері арасындағы Спартакиада қорытындыланды

Өткен демалыста «Назарбаев Университеті» спорт орталығында өткен жыл сайынғы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің қызметкерлері арасындағы Спартакиада өз мәресіне жетті. Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің арасында өткізілген осындай спорттық іс-шаралар жыл сайынғы дәстүрге айналып отыр. «ИДМ-2018» Спартакиадасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш  Президенті күніне және 27-ші Тәуелсіздік күніне арналды. Спорт додасы «Нұр Отан» партиясының «Бірлік» филиалының «Даму» бастауыш партия ұйымының және «Serpin» Бастауыш кәсіподақ ұйымының қолдауымен өткізілді.

Министрліктің осы спорттық іс-шарасы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауының аясында, оның маңызды бағыттары бойынша бұқаралық спортты дамыту мен дене шынықтыру болып табылады.

Министрліктің басшылығы салауатты өмір салтын насихаттау және құрылымдық бөлімшелер арасында корпоративтік рухты арттырудың маңыздылығына мән береді. Жарыс шахмат, тоғызқұмалақ, шағын футбол, волейбол, үстел теннисі, армрестлинг, арқан тарту секілді спорттық ойындардың 7 түрінен өтті.

Спартакиаданың қорытындысы бойынша жеңімпаздар жалпы командалық есеппен 1-орынға Министрліктің Орталық аппаратының бірінші командасы, 2-орынға Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті командасы, 3-орынға Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті командасы иеленді.

Сондай-ақ, әртүрлі спорт түрлерінен командалар мен ойыншылар арасынан бірнеше номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды. Спартакиаданың барлық жеңімпаздары және жүлгерлері кубоктармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен мараппатталды.

«Үздік жанкүйерлер» номинациясы бойынша Автомобиль жолдары комитеті командасы мен Техникалық реттеу және метрология комитеті, экспортты дамыту және ілгерілету департаменті, ішкі аудит департаменті бірлескен командасының жанкүйерлері ерекшеленді.

Шахмат бойынша:

I орын – Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті командасы;

II орын – Инвестиция комитеті командасы;

III орын – Орталық аппараттың 1-командасы;

І орын ерлер арасында – Буранбаев Еркебулан, Орталық аппараттың 1-командасы;

ІІ орын ерлер арасында – Микишев Джанет, Құрылыс және тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылығы істер комитеті командасы;

ІІІ орын ерлер арасында – Закарья Марат, Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті командасы;

І орын әйелдер арасында – Әкетай Көркем, Инвестиция комитеті командасы;

ІІ орын әйелдер арасында – Канагатова Айнагуль, Азаматтық авиация комитеті командасы;

ІІІ орын әйелдер арасында – Айдарханова Гульмира, Орталық аппараттың 2-командасы;

Тоғызқұмалақ бойынша:

I место – Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті командасы;

II место – Көлік комитеті командасы;

III место – Автомобиль жолдары комитеті командасы;

І орын ерлер арасында – Шонан Жанкылыш, Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті командасы;

ІІ орын ерлер арасында Байболов Еркебулан, Көлік комитеті командасы;

ІІІ орын ерлер арасында Кубейсинов Жанторе, Орталық аппараттың 2-командасы;

І орын әйелдер арасында – Шегебаева Айгуль, Автомобиль жолдары комитеті командасы;

ІІ орын әйелдер арасында Нусипбекова Несибельды, Құрылыс және тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылығы істер комитеті командасы;

ІІІ орын әйелдер арасында Утегенова Дана, Техникалық реттеу және метрология комитеті, экспортты дамыту және ілгерілету департаменті, ішкі аудит департаменті бірлескен командасы.

Шағын футбол бойынша:

I орын - Көлік комитеті командасы;

II орын - Техникалық реттеу және метрология комитеті, экспортты дамыту және ілгерілету департаменті, ішкі аудит департаменті бірлескен командасы;

III орын – Азаматтық авиация комитеті командасы;

Үздік қақпашы – Жусупбеков Куандык, Техникалық реттеу және метрология комитеті, экспортты дамыту және ілгерілету департаменті, ішкі аудит департаменті бірлескен командасы;

Үздік қорғаушы – Рысмагамбетов Ергали, Азаматтық авиация комитеті командасы;

Үздік шабуылшы - Амантаев Айбек, Көлік комитеті командасы.

Волейбол бойынша:

I орын – Автомобиль жолдары комитеті командасы;

II орын - Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті командасы;

III орын - Орталық аппараттың 1-командасы;

Үздік шабуылшы – Ибраев Дайр, Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті командасы;

Үздік байланыстырушы – Танекенова Венера, Орталық аппараттың 1-командасы;

Үздік қорғаушы – Касымханов Шалкар, Автомобиль жолдары комитеті командасы.

Үстел теннисі бойынша:

I орын - Орталық аппараттың 1-командасы;

II орын - Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті командасы;

III орын - Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті командасы;

І орын ерлер арасында – Юсупов Казбек, Орталық аппараттың 1-командасы;

ІІ орын ерлер арасында – Иманбеков Салтан, Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті командасы;

ІІІ орын ерлер арасында – Аюпов Нурмухамед, Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті командасы;

І орын әйелдер арасында - Данагул Адамышина, Орталық аппараттың 1-командасы;

ІІ орын әйелдер арасында - Оспанова Ботакоз, Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті командасы;

ІІІ орын әйелдер арасында - Сейтмуханова Альбина, Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті командасы.

Армрестлинг бойынша:

I орын - Орталық аппараттың 1-командасы;

II орын - Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті командасы;

III орын - Техникалық реттеу және метрология комитеті, экспортты дамыту және ілгерілету департаменті, ішкі аудит департаменті бірлескен командасы;

І орын ерлер арасында – Абильдаев Ернар, Орталық аппараттың 1-командасы;

ІІ орын ерлер арасында – Турин Данияр, Құрылыс және тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылығы істер комитеті командасы;   

ІІІ орын ерлер арасында – Тлепбай Бакытжан, Көлік комитеті командасы;

І орын әйелдер арасында – Топанова Молдир, Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті командасы;

ІІ орын әйелдер арасында – Албогачиева Зарина, Техникалық реттеу және метрология комитеті, экспортты дамыту және ілгерілету департаменті, ішкі аудит департаменті бірлескен командасы.

ІІІ орын әйелдер арасында – Басболат Жанат, Орталық аппараттың 1-командасы.

Арқан тарту бойынша:

I орын - Орталық аппараттың 1-командасы;

II орын - Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті командасы;

ІII орын - Автомобиль жолдары комитеті командасы.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2018

Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі

Автомобиль жолдары комитеті