Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

2811/18
В АСТАНЕ НАЧАЛАСЬ ЕЖЕГОДНАЯ ВЫСТАВКА «КАЗАВТОДОР - KAZTRAFFIC 2018»

Астанада «Kazavtodor-Kaztraffic 2018» халықаралық жол құрылысы көрмесі өтті

«Көрме» көрме орталығында «Kazavtodor-Kaztraffic2018» XV мерейтойлық халықаралық жол құрылысы көрмесінің екі күндік жұмысы аяқталды. Көрменің ашылу салтанатына «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті, Үкіметаралық жолшылар кеңесі қатысты. Іс-шараға 100-ден астам ірі кәсіпорындар, соның ішінде Қазақстан, Ресей, Украина, Белоруссия, Германия, Италия және басқа да елдердің ғылыми-зерттеу және жобалау институттары қатысты. Іскерлік бағдарламаның бірінші күні «Аймақтық және қалалық жол инфрақұрылымын дамыту жолдары» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтті. Бөлімдерге бөлінген конференция барысында қатысушылар аймақтық және қалалық жолдарды жобалау және пайдалану, саланы цифрландыру болашағы, жол қауіпсіздігін арттыру заманауи шешімдерінің тиімділігі туралы, сондай-ақ жолдарды салу мен жөндеуге арналған заманауи технологиялар мен материалдарды пайдалану тәжірибелерімен бөлісті. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Ермек Кизатовтың айтуынша, көрме алаңының жұмысы қазіргі заманғы өнімдердің жетекші әлемдік өндірушілерімен ғылыми және іскерлік ынтымақтастықты айтарлықтай нығайтады және жол секторында жаңа сапалы нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Анықтама үшін: Ұлттық оператор болып табылатын «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ұзақтығы 23,7 мың шақырымға жететін республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын басқару қызметін жүзеге асырады. «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру басталғалы бері 2015 жылдан бастап техникалық санаттың 1 және 2 параметрлері бойынша 1,3 мың км жол пайдалануға берілді. «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізі, Астана-Теміртау, Алматы-Қапшағай, Көкшетау-Петропавл, Ақтау-Бейнеу, Қордай өткелінің айналма жолы, Орал-Тасқала учаскелері толығымен аяқталды. 2018 жылдың соңына қарай 426 шақырымдық жаңа жолды іске қосу және 453 шақырым жолды ашу жоспарлануда. Осылайша, 2018 жылға жоспарланған барлық көрсеткіштер толық көлемде жүзеге асырылады.

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2018

Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі

Автомобиль жолдары комитеті