Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

2310/18
Специальные автоматизированные измерительные средства выявили свыше 700 нарушений

Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдары 700-ден астам заң бұзушылықты анықтады

 

Бұл жөнінде Үкімет отырысында көлік-логистика саласын цифрландыруға қатысты баяндаған ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді. Министрдің айтуынша, «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында көлік және логистика саласын цифрландыру бойынша бірқатар жобалар енгізілуде.

«Республикалық маңызы бар ақылы жол желілерін дамыту мәселелері бойынша қазіргі уақытта 3 учаскедегі төлем алу жүйесі тесттік режимде пайдалануға берілді. Олар: Алматы-Қапшағай, Алматы-Қорғас және Астана-Теміртау учаскелері. 2019 жылдың қаңтар айында Шымкент-Ақтөбе-Мәртөк (1628 км) және Шымкент-Тараз-Қайнар (383 км) учаскелеріне ақылы жүйені орнатуға конкурс жарияланады. Жалпы, 2020 жылға қарай ұзақтығы шамамен 6 500 шақырым болатын 17 учаскеде төлем алу жүйесі іске қосылады», - деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Сонымен қатар, Астана-Щучинск учаскесінде RFID белгілерін пайдалана отырып, көліктердің тоқтамай өтулеріне арналған PayWay.kz қосымшасы, интернет-банкинг және QIWI жүйелері арқылы төлем жасау қызметтері іске қосылды. Осы учаскеде жүргізушілерге ауа-райы туралы, жылдамдық режимі мен басқа да мәліметтер беретін цифрлы тақталар орнатылған.

Жол бойындағы қызмет көрсетулерді цифрландыру үшін «KazWay» мобильдік қосымшасы әзірленді және деректер IRU Халықаралық автомобиль көлігі бірлестігінің Transpark электронды картасына енгізілді. Сондай-ақ, көлікті бақылау рәсімдерін автоматтандыру мақсатында арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын енгізу жалғасуда.

«Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын енгізу салмақ параметрлеріне қатысты заң бұзушылықтар санын азайтуға мүмкіндік береді және автомобиль жолдарының сақталуына оң әсер етеді. Бүгінгі таңда осындай 8 өлшеу құралы жұмыс істеп тұр. Жыл басынан бері 700-ден астам заң бұзушылық анықталды және алымдар мен айыппұлдар ретінде шамамен 85 миллион теңге жиналды. Жыл соңына дейін 12 Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралын іске қосамыз. Жалпы 2020-шы жылға қарай мұндай өлшеу құралдарының санын 46-ға жеткізу жоспарланып отыр», - деді министр Жеңіс Қасымбек.

Әуе тасымалдары саласы бойынша биыл 14-ші маусымда «E-freight» қағазсыз құжат айналымы ақпараттық жүйесін енгізу жөнінде жеке инвестормен Мемлекеттік жекеменшік әріптестік Келісіміне қол қойылды. Биыл желтоқсан айында жүйе іске қосылады. Теміржол көлігі саласында «Қазақстан темір жолы» АҚ-ы 2018-2022 жылдарға арналған «Цифрлы теміржол көлігі» бағдарламасын қабылдады. Бағдарлама аясында негізгі 4 бағыт бойынша 21 жобаны іске асыру жоспарланған. Автомобиль көлігімен жолаушылар тасымалдау саласында пилоттық режимде облысаралық және халықаралық жолаушылар тасымалын диспетчерлеу Жүйесі іске қосылды. 2019 жылдың соңына дейін 416 маршрут бойынша облысаралық және халықаралық жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын 2000 автобус жүйеге қосылады.

Жалпы, көлікті цифрландыру жобаларының түпкі мақсаты – интеграцияланған жүйе құру. Ол көлік-логистикалық кешеннің тиімді және сапалы қызмет атқару мәселелерін шешеді.

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2018

Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі

Автомобиль жолдары комитеті