Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

3011/18
В Акмолинской области завершены работы по среднему ремонту дорог Боровской курортной зоны

Ақмола облысының Бурабай курорттық аймағындағы жолдардың орташа жөндеу жұмыстары аяқталды

Бұл жол учаскесі Ақмола облысы Бурабай ауданының әкімшілік аумағында орналасқан. Елді мекендердің арасында көліктік байланыс және еліміздің туристік әлеуетін арттыруын қамтамассыз ететін республикалық маңызы бар жобалардың бірі.

2018 жылдың қорытындысы бойынша жөндеу жұмыстарына келесі аймақтар кірді: «Щучье көлінің айналасы» 0-20 шақырым, Щучинск шипажайына кіру 0-4 шақырым, Р-7 автокөлік жолдары, «Бурабай курорттық аймағының» «Ракушка», «Родник» учаскелерінің жолдары.  Қайта жөнделген жолдар IV  техникалық деңгейдегі 100шақ/сағ жылдамдықпен жүруге арналған жол болып табылады.

Орта жөндеу барысында фрезерлы асфальтбетон төсемі, байланыстырушы материалдарды құю және қиыршық тас пен мастикалық асфальтбетон жабындарды орнату жұмыстары жүргізілді.

Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамассыз ету мақсатында, учаскіде жолжағалар күшейтіліп, жол белгілері мен таңбалары орналастырылды. Бұдан басқа, «Ракушка» және «Родник» демалыс кешенінің алаңы жаңартылды, сонымен қатар , автотұрақ орындары жасалды.

Қалпына келтірілген демалыс орындарында  жоғарғы қабатты жабу бойынша жұмыстар жүргізіліп, демалыс шатырлары,   орындықтар мен қоқысқа арналған жәшіктер орналастырылды.

Автожолды жөндеп оны қолданысқа беру арқылы жүк тасымалының көлемін арттырып,  өңірлердің әлеуметтік-экономикалық рөлін көтеріп, оның ішінде халықтың өмір сүру деңгейін айтарлықтай жақсартуға болады.

Қайта жөнделген жол учаскісі Қазақстан аумағында көлік қатынасын жақсартуға мүмкіндік береді.

 

Фото ашық ақпарат көзінен

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2018

Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі

Автомобиль жолдары комитеті