Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Вакансии

«Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға арналған жалпы конкурста комиссияның оң қорытындысын алған кандидат

  1. Заң басқармасының сарапшысы (C-5) (негізгі қызметкердің 02.10.2017 ж. дейінгі бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне):

 -   Куандыков Курмангазы Алимжанович.

    2. Сыртқы займдар басқармасының сарапшысы (С-5):

 - Түсіпбеков Данияр Мағауияұлы.

Жалпы конкурс

<--break->

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

С-4 санаты үшін: жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-5, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-5, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдардың орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлік құрамынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;

4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;*

5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы.*.

С-5 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі талап етiлмейдi.

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы

№ 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-4

138248

186552

C-5

104103

140747

 

I. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті, 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, анықтама үшін телефон (7172) 75-46-26 немесе 75-46-30, e-mail: a.inkarbekova@mid.gov.kz бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті Сыртқы займдар басқармасының бас сарапшысы (С-4 санаты)-1 бірлік.

Функционалды міндеттері: Халықаралық қаржы институттарының займдық қаржысы есебінен қаржыландырылатын жобаларды дайындау және іске асыру бойынша жұмыстарды жүзеге асыру; Үкіметтің қаулыларын, Инвестициялар және даму министрінің, Комитет төрағасының және басқа да жоғары органдардың бұйрықтарын іске асыру бойынша жұмыстарды жүзеге асыру; басшылықтың қарауына жататын  құжаттарды талдау және келісу; басшылыққа және донор-банктерге ұсыну үшін келісімшарттар бойынша жұмыс түрлеріне қарай анықтамалар, есеп жобаларын дайындау жұмыстарын жүргізу; мерзімдік есептерді мерзімінде және белгіленген нысандар бойынша дайындау, тексеру, бақылау жұмыстарын жүзеге асыру;. консультанттарды өзгертуге өтінімдерді қарау жөніндегі ұсыныстарды, сондай-ақ, мердігерлердің шағымдарын қарау және енгізу; мердігерлердің жұмыстарын төлеумен байланысты құжаттарды қарау; негізгі жобаларды анықтау және оларды игеру тәртібі бойынша жұмыстарға тікелей қатысу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: техникалық ғылымдар мен технологиялар (көлік құрылысы,  құрылыс,  көлік, көлік техникасы және технологиялары, ақпараттық жүйелер,  геодезия  және картография,  машина жасау, радиотехника, электроника  және телекоммуникациялар, техникалық машиналар және жабдықтар (салалар бойынша)) немесе ауылшаруашылық ғылымдары (су ресурстары және суды пайдалану) немесе қызмет көрсету (көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (аймақтану, экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг) немесе құқық немесе білім (шетел тілі: екі шетел тілі).

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті Құрылыс және реконструкциялау басқармасының сарапшысы (С-5 санаты)-1 бірлік.

Функционалды міндеттері: Жол саласының бір жылға арналған бюджеттік бағдарламаларын әзірлеуге қатысу; жоспарлы кезеңге Комитеттің бюджеттік өтінімдерін әзірлеуге қатысу; республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу және қайта жаңарту бойынша жобаларды іске асыруға қатысу; жолдарды салу мен қайта жаңарту бойынша жобалардың іске асырылуын бақылауды және мониторинг жүргізуді жүзеге асыру; автомобиль жолдарын салу және қайта жаңартуға бөлінген қаражаттарды нысаналы пайдалануды қамтамасыз етуге қатысу; қажеттілігіне қарай жол саласының және өзге ұйымдардан ақпаратты, материалдарды, анықтама мәліметтерін сұрату; автомобиль жолдарын салу мен қайта жаңарту бойынша орындалған жұмыстардың актілерін келісуге қатысу; Басқарманың іс-қағаздарын жүргізу, кіріс хат-хабарларын есепке алу және бақылау; басқарманың мұрағаттық іс-қағаздарын жүргізу; Басқарманың құзыретіне енетін өзге де міндеттерді орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: техникалық ғылымдар мен технологиялар (көлік құрылысы,  құрылыс,  көлік, көлік техникасы және технологиялары, ақпараттық жүйелер,  геодезия  және картография,  машина жасау, радиотехника, электроника  және телекоммуникациялар, техникалық машиналар және жабдықтар (салалар бойынша)) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг) немесе құқық немесе білім (шетел тілі: екі шетел тілі).

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1)      осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2)      3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3)      бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4)      еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5)      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6)      Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7)      құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8)      конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9)      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10)    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Құжаттарды қабылдау мерзімі - 7 ЖҰМЫС КҮНІ, ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерге арналған тестілеу бағдарламасы:

C-5 санаттары үшін:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;

Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ) бiлуге арналған тестер.

Екінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (130 сұрақ) кем дегенде 78 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

Екінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 105 минутті құрайды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz

© 2017

Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі

Автомобиль жолдары комитеті